Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Ерғалиұлы Халеловтың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Темір Масин көшесі, 16-үй тұрғындарының өтініші негізінде аталған тұрғын үйге іргелес жер учаскесінде көпқабатты тұрғын үй салу мәселесіне байланысты көшпелі жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тұрғындарға қолданыстағы құрылыс нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары тыңдалды. Мамандар тарапынан құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер мен қолданыстағы заңнаманың талаптары бойынша толық ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-saulet/press/news/details/1033119?lang=kk

Жауап қалдыру