
Шымкент қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен “Жедел-жәрдем станциясының” медицина мамандарына “Жат ағым жалған жарнама” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Кездесуде 25 адам қамтылды.
Кездесуді Шымкент қаласы дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы Аманкелді Нұрдәулет жүргізіп, қатысушыларға радикалды діни ағымдардың белгілері, олардың медицина саласына ықпал ету тетіктері және зайырлы қоғамдағы рухани қауіпсіздіктің маңызы туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында қаралған негізгі тақырыптар:
• Радикалды ағымдардың кәсіби ортаға таралу тәсілдері;
• Қызмет барысында діни бейтараптықты сақтау қағидалары;
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, нақты әрі ғылыми негізделген жауаптар алды. Шараның мақсаты – жедел жәрдем қызметкерлерінің діни танымын арттыру және радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады.
Материал Шымкент қаласы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1033611?lang=kk

Жауап қалдыру