Көкшетау қаласы әкімінің Красный Яр ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 шілдеде Красный Яр ауылының “Көкше” мәдениет үйінің акт залында Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің округ тұрғындарымен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы шығарылды, сондай-ақ ауылдық округті дамыту жөніндегі ағымдағы қызмет туралы ақпарат ұсынылды.

Ауыл тұрғындары абаттандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, сумен жабдықтауға, жолдардың жай-күйіне және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты маңызды мәселелерді көтере отырып, талқылауға белсенді қатысты. Әр өтінішке тиісті түсініктемелер мен тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau-krasnoyar/press/news/details/1033326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді