
Жағатал ауылдық округіндегі №58 сайлау учаскесінде сайлау науқанына ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген азаматтар да белсенді түрде қатысуда.
Ауыл болашағы үшін маңызды саяси науқанда “Алмас” шаруа қожалығының төрағасы Қасиет Төлегенов пен “Сағындықова Ұ” шаруа қожалығының төрайымы Ұлдахан Сағындықова дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
“Әрбір сайлау – ел мен жер тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан біз де өз үлесімізді қосу үшін осында келдік,” – деді “Сағындықова Ұ” шаруа қожалығының төрайымы Ұлдахан Сағындықова.
Елдің тұрмысын жақсы білетін, жергілікті мәселелерден хабардар, еңбекпен өсіп, ел сеніміне ие бола алатын үміткерді қолдау – ауыл азаматтарының ортақ ниеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1033689?lang=kk

Жауап қалдыру