
2025 жылғы 13 шілдеде Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ мемлекеттік музыкалық-драма театрында «Туған жер – бірлік пен елдіктің мекені» атты «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2025» облыстық байқауының гала-концерті өтті.
Шараға облыстың барлық аудандарынан келген үздік көркемөнерпаз ұжымдар мен орындаушылар қатысты. Олар өздерінің шығармашылық шеберлігі мен мәдени даралығын жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау ережесіне сәйкес барлық бағалау критерийлерінің қорытындысы бойынша Жамбыл ауданы жүлделі бірінші орынды иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1034311?lang=kk

Жауап қалдыру