
Заманауи телекоммуникациялық және байланыс құралдарын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың жаңа түрлері қалыптасуда. Қазақстанда мұндай қылмыстардың басым бөлігін интернет-алаяқтық құрайды. Жыл басынан бері 11 мыңнан аса осындай қылмыс тіркелді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады. Оның айтуынша, киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылданып жатыр.
«Былтыр қараша айында ведомство құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы департамент құрылды. Байланыс операторларымен бірлесіп, тіркелмеген SIM-карталарды интернет арқылы қоңырау шалуға және мессенджерлерде анонимді аккаунттар ашуға пайдаланылатын SIM-бокстар анықталуда», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Сонымен қатар, интернет кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Әр тоқсан сайын республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп «антифрод-орталығы» аясында өзара іс-қимыл жолға қойылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1033767?lang=kk

Жауап қалдыру