Құрық ауылында заңсыз құрылыстар мен аулаларды бұзу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Құрық ауылында көпқабатты тұрғын үйлерге жапсарлата салынған заңсыз құрылыстар мен аулаларды бұзу және тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар елді мекеннің көріктендірілуі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

⚜️Атап айтқанда, 1-шағын ауданда орналасқан бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің жапсарлас құрылыстары толығымен бұзылып, аумақ тазартылды. Бұл жұмыстар тек Құрық ауылымен шектелмей, «Қарақия станциясы» елді мекенінде де жалғасын табуда. Мұнда да ауыл ішіндегі рұқсатсыз салынған құрылыстар алынып, тиісті санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

⚜️Аталған жұмыстар жергілікті билік пен тиісті мекемелердің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асуда.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1033909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді