ШАРДАРАДА “ҚЫЗМЕТТІК ЛИГА” КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ШАРДАРАДА “ҚЫЗМЕТТІК ЛИГА” КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
2025 жылғы 12 шілде күні Шардара ауданында әуесқойлар арасында кіші футболдан “Қызметтік Лига” ойындары өтті.
Турнир мемлекеттік мекемелер мен түрлі сала қызметкерлерінен құралған 7 команданың қатысуымен ұйымдастырылды.
Жарыстың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және мекемелер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Қатысушылар әділ ойын үлгісін көрсетіп, командалық рух пен жоғары спорттық дайындық танытты.
Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде:
• 1-орынды — РОВД құрамасы;
• 2-орынды — “Дарын” командасы;
• 3-орынды — “Спорт” бөлімі иеленді.
Жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Аталған жарыс қызметкерлердің бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беріп, спорттық серпін берді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл турнирді дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1034204?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді