
“Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғын-жайды меншігіне сатып алу немесе “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңға сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін тұрғын үй сертификаттарын беру мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері – 1,5 млн.теңгеге дейін.
Тұрғын үй сертификаттары өтеусіз және қайтарымсыз негізде “2-10-20 тұжырымдама”, “5-10-20 тұжырымдама”, “Наурыз”, “Наурыз Жұмыскер 2”, “7-20-25” ипотекалық бағдарламалар шеңберінде беріледі.
Қарағанды қаласы бойынша уәкілетті органда тұрғын үй алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтардың белгілі бір санаттары тұрғын үй сертификаттарын алушылар болып табылады.
Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7 үй, кабинет 301. Анықтама телефоны: +7 /7212/ 95-56-01.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-18.30 дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00-14.30 дейін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1034206?lang=kk

Жауап қалдыру