🔰Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Жамбыл облысында прокуратура, әкімдік органдары, бақылаушы және қадағалау органдары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹️Акцияның мақсаты экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру болды.

🔹️Акция қатысушылары, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар халық арасында танымал «Жеңіс» және «Майская роща» саябақтарын тазартты.

🔹️Сондай-ақ, акциямен Облыстың басты су артериясы Талас өзені қамтылған, онда жағалау аумағы мен іргелес тоғай тазартылған.

🔹️Халықпен бір мезгілде коммуналдық қалдықтар айналымы мәселелері бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

🔹️Азаматтарға буклеттер тарата отырып, абаттандыру қағидалары, қоқыстарды орналастыру, қалдықтарды шығару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.

🔹️Акцияға қатысушылар заң мен қоғамдық нормаларды құрметтеудің маңыздылығын өз мысалымен көрсетті.

🔹️Сондай-ақ, осы акция барлық азаматтарды біздің өңірдің тазалығы мен сұлулығын сақтау жөніндегі бастамаларға қосылуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1034803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді