ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА АЯҚЖОЛДАР САЛЫНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Сәменбекұлы бүгін аудан аумағын кезекті рет аралап, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, ағымдағы 2025 жылға жоспарланған жобалар аясында аулааралық аумақтарда жалпы ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолдарын (аяқжолдарды) салу көзделген болатын.

Бүгінгі таңда аталған жұмыстардың алғашқы кезеңі ретінде Әлімқұлов көшесі мен Есіл көшесінде аяқжолдар орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл шаралар аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоспар бойынша аяқжолдар салу ісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және бұл ретте аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлері мен өтініштері басты назарға алынатын болады.

Аудан әкімдігі тұрғындармен ашық диалог орнатуға, олардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға және инфрақұрылымдық дамуды жүйелі түрде жалғастыруға баса мән беруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1034634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді