
Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауданының бір топ дарынды спортшыларын құттықтап, олардың әлемдік деңгейдегі жетістіктерін атап өтті.
Әрқайсының үздік нәтижелері – еліміздің, ауданымыздың даңқын арттыруға ерекше үлес қосқанын айтты.
Ұлттық құраманың капитаны 2025 жылдың мамыр айында Қытайдың Ханжоу қаласында өткен Азия Чемпионатында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, 2023 жылы Астанада өткен лицензиялық Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2022 жылы Ханжоу қаласында өткен төрт жылда бір келетін Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. 

«Бұл жеңістер тек спортшылардың ғана емес, бүкіл ауданның мақтанышы! Барлық спортшыларымызға сәттілік тілеп, алдағы додаларда тек жеңіс тілейміз!
» – деді, Бақыт Насырханұлы.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1034646?lang=kk

Жауап қалдыру