Елордалық оқушылар Барселонада өткен STEM олимпиадасында екі медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандық оқушылар Барселонада өткен International STEM Olympiad 2025 байқауында күміс және қола жүлделерге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 260-тан астам оқушы, 78 команда қатысып, өзара үздіктерін анықтады.

Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінің дарынды оқушылары еліміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді:
• Нұрасыл Рысқұлбеков – қола медаль;
• Айша Темірхан – күміс медаль;
• Ашыхатов Бижан – күміс медаль.

Жас дарындар инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D – модельдеу бағыттарында жоғары шеберлік пен терең білімдерін көрсетіп, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1034833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді