ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты интернет алаяқтыққа қатысты құқықбұзушылықтар саны артуда. Бұл мәселе – азаматтардың жеке деректері мен қаржылық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін өзекті мәселе.
Осыған орай, Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру іс-шаралары тұрғындармен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері арасында да ұйымдастырылды.
Түсіндіру барысында азаматтарға алаяқтардың жиі қолданатын әдіс-тәсілдері туралы ақпарат беріліп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша кеңес айтылды. Сонымен қатар, адамдар көп шоғырланатын орындарда ескертпе парақшалары таратылды.
Тәртіп сақшылары келесі жағдайлар туындаған кезде аса мұқият болуға кеңес береді:
– Банк немесе полиция қызметкері ретінде қоңырау шалып, жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін немесе құпия сөзді сұраса;
– Арзан бағадағы тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем талап етілсе;
– Жалған ұтыс ойындарының жеңімпазы ретінде хабарласып, сыйлық алу үшін қаражат аударуды сұраса;
– Жылдам пайда табуға немесе қаражатты еселеп көбейтуге уәде беріп, алдын ала ақша талап етсе;
– «WhatsApp» немесе «Telegram» секілді мессенджерлер арқылы күмәнді сілтемелер таратылса.
Аталған белгілер – интернет-алаяқтық әрекеттерінің айқын көрсеткіші болуы мүмкін. Осыған байланысты азаматтардан аса сақ болу және жеке деректерді бөтен тұлғаларға жарияламау сұралады.
Тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықпен күрес жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын ескертеді және тұрғындарды қырағылық танытып, күмән тудыратын жағдайлар орын алған кезде құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1034958?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді