Көкшетау қаласындағы бірқатар көшелерде көлік қозғалысының уақытша шектелуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2025 жылғы 16–20 шілде аралығында Ақан сері көшесінің Н. Назарбаев даңғылынан М. Сағдиев көшесіне дейінгі бөлігі барлық көлік құралдары үшін уақытша жабылады.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 16–21 шілде аралығында (қоса алғанда) Т. Бигелдинов көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен А. Пушкин көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы шектелетін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған өзгерістерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерден өту кезінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды екенін ескертеміз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Аталған жұмыстар қаланың көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

https://www.instagram.com/p/DMITONxsW8u/?img_index=1

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1035052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді