МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде аудан дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
✅ Мәжіліс басында аудан басшысы Еркеғали Амантайұлы аудан активіне аудандық жер қатынастары бөлімінің жаңа басшысы — Бектөре Қуандықұлы Ешжанды таныстырды.
↪️ 2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша 89 индикатордың орындалу барысы туралы ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары Ғани Оразымбетов баяндама жасады. Жиында көрсеткіштерді орындаудағы кемшіліктерге назар аударылып, заңсыз салынған құрылыстарға қатысты нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.
↪️ Игерілмеген жерлерді қайтару мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жер қатынастары бөлімінің басшысы Бектөре Ешжан баяндады.
📌 Мәжіліс соңында аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты пікір білдіріп, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда:
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында арықтар мен көшелерді тазалау жұмысын күшейту, тұрақты түрде тазалық шараларын ұйымдастыру;
Демалыс аймақтарына апаратын жолдарға тосқауыл қою;
Жұмысқа салғырт қараған сала басшыларына қатаң ескерту жасаған аудан басшысы жұмысты жандандыруды тапсырды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1034609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді