Облыста дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 16 шілдеде күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет:
– найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
– металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;
– желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
– мүмкіндігінше көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11-ден 17-ге дейін, қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз;
– судың жанында демалу-тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйінде шомылмаңыз.
– есіңізде болсын, жылу кезінде өрттің ықтималдығы артады. Үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпаңыз, құрғақ шөпті және қамысты өртемеңіз. Саяжай учаскелерінде: алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек. Автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз.
ТЖ туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1034768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді