САЙРАМДА СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
 
Бүгін Сайрам ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары — Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиевтер жұмыс сапарымен арнайы келді. Олар республика көлеміндегі және өңірдегі өзекті мәселелермен олардың шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша басқосу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атқарып жатқан жұмыстары, қаралып жатқан заң жобалары және алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндама жасалды.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары қатысып, әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, жер және су мәселелері бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында аудан әкімі Арман Сабитов ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына мазмұнды әрі нәтижелі өткен кездесу үшін алғыс білдіріп, елдік деңгейдегі жауапты істеріне сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1034579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді