
Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бардым.
Қызмет алушылармен арнайы, медициналық қызметтердің сапасы, күн тәртібі, бос уақытты ұйымдастыру, төсек-жабдықтар және киіммен қамтамасыз етілу мәселелері бойынша әңгімелестім.
Ұйым басшылығымен қарттар мен мүгедектердің тұруы, күтімі және әлеуметтік қызмет көрсетуі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, оңалту шараларын өткізу мәселелері талқыланды.
Бұрын енгізілген ұсынымдар бойынша ғимараттар, душ бөлмесі, санитарлық тораптарға жөндеу жүргізілді. Мекемеде бейнебақылау жүйесі орнатылған.
Монша мен модульдік типтегі жаңа қазандық қаралды.
Бірқатар ұсынымдар енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1034261?lang=kk

Жауап қалдыру