
2025 жылғы 1 қаңтарға Қостанай облысы бойынша ауыл халқының 91,3% – ы және қала халқының 99% – ы сумен қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі міндетін уақтылы және сапалы іске асыру үшін әрбір елді мекенді кезең-кезеңімен ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары әзірленді.
2025 жылы облыс бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге 63 жобаға (қалалық – 16, ауылдық – 47) 32,3 млрд.теңге (РБ – 6,9 млрд. теңге, ҰҚ – 2,1 млрд. теңге, СГФ – 14,8 млрд. теңге, ЖБ – 8,5 млрд. теңге) көзделген.
Нәтижесінде 23 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтауға, 14 ауылды кешенді блок-модульдерге және әкелінетін суды тарату пункттеріне қосу, 7 ауылды сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жоспарлануда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда, атап айтқанда: орталықтандырылған сумен жабдықтаумен, кешенді бло-мен қамтамасыз ету
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-energetika-kommunal/press/news/details/1034577?lang=kk

Жауап қалдыру