
🛤 Теміржол қателікті кешірмейді: көлік полицейлерінің кеңесі
🚆 Теміржол маңы — ойын алаңы емес. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеу — адам өміріне қауіп төндіреді.
⚠️ Жолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтіңіз. Алдымен жан-жағыңызды бақылап, пойыздың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сәтте құлаққап пен телефон қолданудан аулақ болыңыз.
🚫 Ешқашан вагондардың астынан өтпеңіз және автотіркеме арқылы өрмелеп шықпаңыз!
✅ Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді де, жақындарыңыздың өмірін де сақтай аласыз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1034919?lang=kk

Жауап қалдыру