Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ветеринария саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтауға арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай сөз сөйлеп, ветеринар мамандардың қоғамдағы маңызын атап өтті. Ол ветеринарияның жануарларды емдеумен ғана шектелмей, биотехнология, зооноздық аурулардың алдын алу, азық-түлік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бағыттарында маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында мал шаруашылығы өркендеп, халықтың азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Табиғат пен жануарлар әлеміне жанашырлық пен жауапкершілікті талап ететін бұл сала – ел экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Еңбектеріңіз ел игілігіне қызмет ете берсін, – деді өз құттықтауында Амалбек Дәркенұлы.
Салтанатты жиын барысында сала үздіктері Төлеби ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жауап қалдыру