Абай облысындағы тарихи нысанда орын алған өртке байланысты ресми ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 70 мекенжайындағы тарихи ескерткіште орын алған өрт оқиғасына байланысты тиісті шаралар жедел түрде қабылданды.

Оқиға туралы хабарлама түскен сәттен бастап, Абай облысының тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының мамандары дереу оқиға орнына жетті.

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары төрағалық еткен көшпелі кеңеске облыстық тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Кеңес аясында нысанға көзбен шолу арқылы бастапқы тексеру жүргізілді және арнайы хаттама толтырылып, құжаттама рәсімделді.

Қазіргі таңда тиісті органдармен бірлесіп қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат ресми дереккөздер арқылы таратылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1035353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді