Ақтөбедегі дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Жақсылықов Аңсар күміс медаль иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біріккен Араб Әмірліктерінде 5-14 шілде аралығында өткен Халықаралық химия олимпиадасында (IChO-2025) Қазақстан құрамасының мүшесі, Ақтөбедегі дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Жақсылықов Аңсар күміс медаль иеленді.

🔸Әлемнің 93 елінен келген 360-тан астам дарынды жас химик қатысқан бұл беделді халықаралық сайыста Аңсар жоғары білім деңгейі мен терең ғылыми дайындығын дәлелдеді. Бұл – еліміздің білім беру саласындағы маңызды жетістік әрі жас буынның әлеуетін көрсететін жарқын мысал.

Аңсардың олимпиадалық жолы 7-сыныптан басталды. Сол кезден бастап ол түрлі деңгейдегі оқу-жаттығу жиындарына қатысып, өзін үздік оқушы ретінде көрсете білді. Жыл сайын жетілдіріп отырған білімі мен ғылыми ізденісі арқасында ол республикалық және халықаралық деңгейде бірқатар жүлделерге ие болды.

💭Аңсар Жақсылықов бұған дейін елімізде 7-10 класстар аралығында өткізілген білім Олимпиадасында 4 мәрте алтын медаль; жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 3 мәрте алтын медаль; Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиада – алтын медаль, С.Бәйішев атындағы облыстық олимпиадада – алтын медаль, «Туймаада» халықаралық олимпиадасында – екі мәрте қола медаль, бүкіл Сібірлік ашық олимпиадада – алтын медаль, Халықаралық Менделеев олимпиадасында – күміс медаль иеленді.

🎉Жерлесімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1035463?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді