
Татьяна Борисовна Занкевич – су шаруашылығы саласында көпжылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Бүгінде ол ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалының Қарағанды пайдалану басқармасы №3 учаскесінде технологиялық қондырғылар операторы болып қызмет атқарады.
Ол еңбек жолын осы басқармада 1994 жылдың мамыр айында бастап, содан бері үздіксіз 31 жылға жуық уақыт бойы су шаруашылығында абыройлы еңбек етіп келеді.
Татьяна Занкевич кәсіби жолында өз мамандығына қажетті білім мен тәжірибені терең меңгеріп, еңбекке адал, жауапты маман ретінде танылды. Ол еңбекті қорғау саласындағы жаңалықтарды үнемі қадағалап, жұмыс барысында алынған білімін тиімді қолданып келеді.
Жұмысын уақтылы әрі сапалы орындайтын қызметкер ретінде әріптестерінің құрметіне ие. Ұжымда сыйлы, беделді маман ретінде жас қызметкерлерге үнемі қолдау көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп отырады.
Су шаруашылығы саласына сіңірген мінсіз еңбегі мен үлесі үшін Татьяна Занкевич 2025 жылы Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.
https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/5568
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1035318?lang=kk

Жауап қалдыру