ІІМ: Тексерулер нәтижесінде 1256 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылдың 15 сәуірінен бастап бүкіл ел бойынша “Таза Қазақстан” акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты — қоршаған ортаның ластану мәселесіне назар аудару, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері белсенді азаматтармен бірлесіп рейдтер өткізіп, заңсыз қоқыс тастау орындары мен қалдықтарды төгу фактілерін анықтауда. Сондай-ақ тұрғындар мен ұйымдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәртіп сақтаудың маңыздылығын еске салып келеді. Акция басталғалы бері 2 426 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. 480 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға құқықбұзушылықты жою туралы 1 500-ден астам ұсыным жолданып, соның негізінде 1 256 қоқыс үйіндісі жойылды.
– Есіңізде болсын: таза табиғат — баршамыз үшін қауіпсіз әрі жайлы өмірдің кепілі! Экологияны қорғайық! Құқықбұзушылықтар туралы 102 нөміріне немесе iKomek — 109 қызметі арқылы хабарлаңыз. Қазақстанды бірге таза және көрікті етейік! – деді ведомствода.

#ТАЗАҚАЗАҚСТАН
#тұрақтыдаму
#тазаел
#экология
#TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/1035259?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді