
Медеу Айдарханұлы Оспанбеков Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Еңбек жолын 2010 жылы «Жамбыл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жөндеуші болып бастаған.
2011 – 2013 жылдары – «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің инспекторы;
2013 – 2014 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2015 жылы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлық қоғамының бизнес аналитигі;
2016 – 2019 жылдары – Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы;
2019 – 2024 жылдары – Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы;
2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1035342?lang=kk
Жауап қалдыру