
Бүгін, таңнан Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ауыл әкімінің сайлауы басталды. Ауыл тұрғындары өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, сайлау учаскелеріне келіп дауыс беруде.
Сайлау – ел болашағы үшін маңызды қадам. Сондықтан жергілікті халық бұл саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен қарап, ауылдың дамуына үлес қосатын үміткерге дауыс беруді мақсат тұтуда.
Сайлау барысы тиісті талаптарға сай өтіп жатыр. Учаскелерде тиісті санитарлық жағдайлар сақталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1035263?lang=kk

Жауап қалдыру