Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылуда. Көпбейінді ауруханаларды жаңарту бойынша 18 өңірлік шебер-жоспар және облыстық перинаталдық орталықтарды жаңарту бойынша 17 шебер-жоспар бекітілді. Бұдан басқа, құзырет орталықтарын, телемедицина, симуляциялық орталықтарды, озық менеджмент және медициналық технологияларды дамыту орталықтарын ашу жоспарланған, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл тәсілдер облыстық ауруханалар мен перинаталдық орталықтарға телемедицина арқылы консультациялық, диагностикалық көмекті жүзеге асыруға, республикалық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен қашықтықтан кеңес беруді дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге, өңірдегі күрделі пациенттердің бағытын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Республикалық деңгейде облыстық ауруханалар мен перинаталдық орталықтардың ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмегін үйлестіруді ғылыми орталықтар мен институттар жүзеге асыратын болады.

Бұл шаралар заманауи медициналық технологияларды енгізуге және өңірлерде медициналық көмек көрсетуді жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 15 550 орындық төсек қоры бар 36 ересек және балалар ауруханасы жұмыс істейді. Алайда, олардың тек 20% – ы ғана халықтың мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және өмір сүру сапасының төмендеуіне тікелей әсер ететін ең сұранысқа ие терапевтік нозологияларды емдеуге бағытталған.

Жаңартудың маңызды бөлігі 2026-2028 жылдары технологиялық жаңарту шеңберінде жүргізілетін медициналық жабдықтар паркін жаңғырту болады.

Осы іс-шараларды іске асыру медициналық көмектің, оның ішінде өңірлердегі жүкті әйелдер үшін қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, өлім-жітім деңгейінің төмендеуін, орташа өмір сүру ұзақтығының өсуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, соның ішінде симуляциялық оқытуды белсенді енгізу арқылы әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-uzinkol/press/news/details/1035323?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді