Қазақстанда «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Құрметті павлодарлықтар!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады. Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

 

Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.

Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады.

 

Қатысу шарттары:

Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;

Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;

Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз – бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды.

 

Сыйлықтар:

Ай сайын – еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.

Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады.

Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады.

Amian қосымшасы – чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.

Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді.

 

Маңызды:

Фискалдық чекті талап ету – бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы.

Әрбір чекті – сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1035274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді