Сандықтау ауданында ауылдық округтердің жаңа әкімдері тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай кезекті аппараттық кеңес өткізіп, оның барысында кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары болып Қайрат Жылқыбаев тағайындалды. Сондай-ақ, Каменское және Бірлік ауылдық округтерінің жаңа әкімдері таныстырылды. Каменское ауылдық округінің әкімі болып Еділ Смағұлов, Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Қанат Сенғырбаев сайланды.

Кеңес барысында аудан әкімі Бірлік ауылдық округінің бұрынғы әкімі Ансар Ибаевқа көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және округтің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, одан әрі табыс тіледі.

Күн тәртібі шеңберінде бірқатар мәселелер қаралды: алдағы жылыту маусымына дайындық, кентішілік жолдарды толтыру, сондай-ақ шомылуға тыйым салынған немесе қауіп төндіретін жерлерде ескерту белгілерін орнату.

Кеңес қорытындысы бойынша әкім ауылдық округ әкімдері мен ұйым басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1035137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді