ТҮРКІСТАН: «JAS KEÑES SIYLIGI» ЖАСТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️«Jas Keñes Sıylığı» – ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық – еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Озода Маннопова мәлімдеді.
✔️«Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.
Биылғы жылы 10 номинация бойынша үздіктер анықталады. Атап айтқанда, ішкі істер және қарулы күштер саласында – «Janqıarlyq», медицина саласында – «Altyn jürek», өнеркәсіп саласы бойынша – «Önerkäsıp», әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер үшін – «Bolaşaq turaly qamqorlyq», білім саласының қызметкерлеріне – «Bılım jäne Ğylym», төтенше жағдай қызметкерлері үшін – «Qaisar», жұмысшы мамандықтар үшін – «Altyn qol», энергетика саласының мамандарына – «Zharyq», агроөнеркәсіп саласындағы азаматтар үшін – «Örken», ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы мамандар үшін – «Örleu» номинациялары өз иелеріне табысталатын болады»-деп баяндады сала маманы.
✔️Сондай-ақ баспасөз жиынында Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Маратұлы байқаудың ережелері туралы баяндады.
✔️«Сыйлыққа үміткер болу үшін еліміздің 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді 2025 жылдың 20 шілдесіне дейін https://www.jas-kenes.kz/application сілтемесі арқылы беруге болады. Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша әр номинацияда 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге, әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі. Сыйлық пен кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты https://www.jas-kenes.kz/ сайтынан біле аласыздар»-деді спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1035414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді