ЖАҢА ИҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 13 шілдеде Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Сайлау Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес ашықтық және заңдылық принциптері негізінде ұйымдастырылды.
Сайлаушылар тізіміне енгізілген 4263 азаматтың 2622-сі өз таңдауларын жасап, дауыс беруге қатысты. Учаскелік сайлау комиссияларының дауыстарды санау қорытындысы негізінде Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін бекітті.
Нәтижесінде, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны, қазіргі әкім қызметін атқарып отырған, «Amanat» партиясынан ұсынылған Абдаев Тахир көпшілік дауыспен Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1035101?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді