«Біріккен энергосервистік Компания» акционерлік қоғамына шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) жер учаскесін белгілеу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасын, 69-бабының 3, 4-тармақтарын, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:

  1. «Біріккен энергосервистік Компания» акционерлік қоғамға ТП-26-дан КВ-0,4 кВ қолданыстағы электр беру әуе желісін жаңғырту және реконструкциялау үшін ауданы 0,68 га 1,7 км жер учаскесіне 1 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
  2. «Біріккен энергосервистік Компания» акционерлік қоғамына жұмыстар аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.
  3. Жер жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған тиісті құқық белгілейтін құжаттары бар жер пайдаланушылармен, жер иеленушілермен, жер учаскелерінің меншік иелерімен және жалға алушылармен жер жұмыстарын және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді келісу (қажет болған жағдайда). Жер жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған жер учаскелеріне меншік, иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы бар адамдар тобын белгілеу жөніндегі жауапкершілік жер жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсат алатын тұлғаға жүктеледі.
  4. «Біріккен энергосервистік Компания» акционерлік қоғамына жер учаскесіне жария сервитут шартын жасасу үшін осы өкім қабылданған күннен бастап «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну ұсынылсын.   
  5. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

Глубокое кентінің әкімі Р. Асанов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1035955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді