Өзбекстан азаматы Heriot-Watt University-дің Қазақстандағы кампусын таңдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өзбекстан азаматы Heriot-Watt University-дің Қазақстандағы кампусын таңдады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қабылдау комиссиясына Өзбекстан Республикасының азаматы келіп, Heriot-Watt University-дің Қазақстандағы кампусына оқуға түсу үшін құжат тапсырды.

Өзбекстандық талапкер «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасын таңдады. Бұл бағыт – цифрлық технологиялар мен IT индустрияның дамуына сәйкес сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Heriot-Watt University-дің Қазақстандағы кампусына шетелдік талапкерлердің қызығушылық танытуы – оқу орнының сапалы білім беру жүйесіне деген сенім мен сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.

Құжат қабылдау Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 20 шілдеге дейін жалғасады. Комиссия күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қабылдау процесіне 50 техникалық хатшы жұмылдырылған. Барлық үдеріс электронды кезек жүйесі арқылы ұйымдастырылған.

Бүгінгі күнге дейін 2781 талапкер университетке келіп, қабылдау комиссиясынан өтті. Heriot-Watt University-дің Қазақстандағы кампусы халықаралық стандарттарға сәйкес білім беретін және британдық үлгідегі диплом ұсынатын оқу орны ретінде Орта Азия елдерінің азаматтары арасында да танымал бола бастады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1036088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді