Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 шілде күні сағат 14:40-та Атырау қаласы Сарықамыс ықшам ауданы Қазтуған көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру бөлімдері жапсарлас салынған екі тұрғын үйдің төбе жабындысынан өрттің шыққанын анықтап, жедел түрде өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

Өрт сағат 15:28-де оқшауланып, сағат 15:53-те толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде, жапсарлас үйлерге жақын орналасқан уақытша тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-ның 19 қызметкері мен 4 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаңыздар!

 

Атырау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1036410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді