
Бүгін Сайрам ауданында шекаралық аймақтарды дамытуға арналған маңызды жиын өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясының Төлеби, Сайрам және Түлкібас аудандарындағы депутаттары қатысты.
Жиынға сондай-ақ Түркістан облыстық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, филиал төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Жиынды ашқан Алтынсары Үмбеталиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 13 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтқан: «Шеткері жатқан елді мекендердің ахуалы ел іргесінің бекем болуына тікелей әсер етеді. Бұл – стратегиялық маңызы бар мәселе…» деген сөзіне тоқталып, шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев хабарлама жасап, аудан көлеміндегі шекаралық мәселелерге тоқталды.
Ал Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров өз сөзінде ауданаралық өзара іс-қимылды күшейту, шекаралық аймақтардағы тұрғындардың өмір сапасын арттыру, еңбек миграциясы, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халық санын арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді.
Жиын нәтижесінде шекара маңындағы аудандарды дамытудың тетіктері қаралып, болашақта жүзеге асырылатын нақты шаралар бойынша пікір алмасу өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1036065?lang=kk

Жауап қалдыру