ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛУШІ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛУШІ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ

✔️Түркістан облысындағы негізгі бағыттардың бірі – туризм. Аймаққа келушілер саны жылдан-жылға артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген.

✔️Туризмді дамыту, туристерге қолайлы жағдай жасау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы саяхатшылар көп келетін орындарға кезекті рет зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен сол маңдағы туристік нысандарды аралап, тазалық жұмыстары, келушілерге қолайлы жағдай жасау, қызмет сапасын көтеру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

📌– Мемлекет басшысы туристік инфрақұрылымды жақсарту міндетін жүктегенін білесіздер. Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Сондықтан туризм – басым бағытқа ие. Саяхатшылар мен зиярат етушілерге қолайлы жағдай жасап, қызмет сапасын жақсарта түсу керек, – деген Нұралхан Көшеров анықталған кейбір кемшіліктерді жоюды тапсырды.

✔️Аралау барысында нысандардың жай-күйі, санитарлық талаптарға сәйкестігі және өзге де мәселелер қаралды. Тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

✔️Айта кетейік, «E-qonaq» жүйесіндегі деректерге сәйкес, биылғы 5 айда Түркістан облысына 18699 шетелдік турист келген. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2 есе көп. Әсіресе, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан елдерінен саяхатшылар көп келген. Келген туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Түркістан қаласындағы туристік полиция қызметкерлері бейнежетон, планшет, рация, арнайы киім және электрокармен қамтылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

————————

ИНОСТРАННЫХ ТУРИСТОВ, ПОСЕЩАЮЩИХ ТУРКЕСТАНСКУЮ ОБЛАСТЬ, СТАЛО ВДВОЕ БОЛЬШЕ

✔️Одним из основных направлений в Туркестанской области является туризм. Количество посетителей региона растет с каждым годом. За пять месяцев текущего года в исторических местах региона побывало 424 тыс. человек, что на 9% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Количество путешественников, посещающих природные территории, составило около 58 тыс. человек, что в два раза больше, чем за аналогичный период 2024 года.

✔️Вопрос развития туризма и создания благоприятных условий для туристов не сходит с повестки дня. Аким области Нуралхан Кушеров в очередной раз проинспектировал места, куда больше всего приезжают путешественники. В частности, он посетил мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави и прилегающие к нему туристические объекты, дал конкретные поручения по уборке, созданию благоприятных условий для посетителей, повышению качества услуг.

📌- Вы знаете, что Глава государства поставил задачу улучшить туристическую инфраструктуру. Туркестану был присвоен особый статус. Поэтому туризм – наше приоритетное направление. Нужно создать благоприятные условия для туристов и паломников, улучшить качество услуг, – поручил Н. Кушеров.

✔️Отметим, согласно данным системы E-qonaq, за пять месяцев этого года Туркестанскую область посетили 18 699 иностранных туристов. Это в два раза больше, чем за соответствующий период прошлого года. Особенно много туристов приехало из Узбекистана, Турции, России, Китая, Кыргызстана. В целях создания благоприятных условий для прибывших туристов сотрудники туристской полиции города Туркестана обеспечены видеожетонами, планшетами, рацией, спецодеждой и электрокарами.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1036158?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді