Алматы облысының прокуратурасы валюталық заңнаманың 2 млн АҚШ долларына бұзылуын анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Т» ЖШС шетелдік компаниямен жалпы құны 6 млн АҚШ долларын құрайтын тауар жеткізуге сыртқы экономикалық шарт жасаған.

Ақша қаражаты резидент еместің шотына аударылған, алайда тауар те 3,7 млн АҚШ долларына жеткізілген.

Қалған қаражат шарттық міндеттемелерді формалды түрде бүркемелеу арқылы іс жүзінде елден шығарылған.

Компания қаражатты қайтару бойынша ешқандай шаралар қабылдамаған, ал салық органдары репатриация талабын орындамау бойынша тиісті шараларды қолданбаған.

Анықталған құқықбұзушылықтарға байланысты облыс прокуратурасы ҚР ӘҚБтК-нің 251-бабы 2-бөлігі бойынша (ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау) әкімшілік іс қозғады.

Қонаев қаласының сотының қаулысымен «Т» ЖШС кінәлі деп танылып  239 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Облыс прокуратурасы бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1036577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді