
«Астана қаласының «Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Лауазымдық міндеттері:
– концерттік ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;
– мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
– сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
– қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді, жаңа және қайта қойылатын концерттерді шығаруды ұйымдастырады;
– шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Мыналарға жауапты болады:
– қаржы-шаруашылық қызметіне, мүліктің сақталуына;
– таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін;
– Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функциялары үшін.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, ҚР әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар, өнер, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, менеджмент және құқық, қызмет көрсету; мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
– конкурсқа қатысуға өтініш;
– мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
– білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
– еңбек кітапшасының көшірмесі;
– № 075/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушылар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ, 7 қабат, 749 кабинетке қажетті құжаттарды тапсыруы қажет, анықтама телефондары: 55 01 86, 55 67 75.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-madeniet/press/news/details/1037105?lang=kk

Жауап қалдыру