
Степногорск қаласының полиция басқармасы 19 жастағы азаматқа қатысты алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Полицейлермен әңгіме барысында жас жігіт «OLX» танымал сайтында 25 000 теңгеге Тедди аюын сатқысы келгенін айтты. Хабарландыруға дереу бейтаныс қыз жауап берді, ол байланыс үшін телефон нөмірін қалдырған. Жәбірленушінің өзі WhatsApp мессенджерінде «сатып алушымен» байланысқаннан кейін, соңғысы ойыншықтың жағдайы мен құнына қызығушылық танытты.
Сатып алу туралы уағдаласып, қыз Павлодар облысында тұратынын, ал тауарды жеткізуді Қазпошта арқылы ресімдейтінін хабарлады.
Кейіннен ақмолалық бейтаныс адамға толықтай сеніп, оның нұсқауларын орындады: жеткізуді рәсімдеу үшін сілтеме бойынша өтіп, деректемелерді толтырды, онда ол өзінің деректері мен банк картасының нөмірін көрсетті, соңында смс-хабарламадан код жіберді. Осы әрекеттердің нәтижесінде 25000 оның картасынан шығарылды, ал сатып алушы байланысын тоқтатты.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Полиция азаматтардан интернет пен әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сату және сатып алу кезінде қырағы болуды сұрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1037166?lang=kk

Жауап қалдыру