
Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы білім беру ұйымдарын 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлының төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.
Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Министрлік әзірлеген кестеге сәйкес жаңа оқу жылына дайындық мәселесі бойынша СҚО Білім басқармасының басшысы Сураганова Айнагүл Ағыбайқызы баяндады. Өңірдегі жасалып жатқан жұмыстар: мектептерді жаңарту, жаңғырту, жаңа объектілер салу, күрделі, ағымдағы жөндеулер жүргізу, жылыту маусымына дайындық, білім алушыларды тасымалдау, СЭТ, ӨБ сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, заманауи пәндік кабинеттерді ашу, аулалық дәретханаларды бөлшектеу және т. б.
Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы проблемалық мәселелерге тоқталып кетті. Жайлы мектептердің білім беру қызметіне лицензияны уақтылы алмау қаупі туралы; облыс бюджетін оңтайландыруға байланысты мектептерді жаңартудың сапасыз жүргізілуі; жекеменшік мектептерде оқулықтармен уақтылы қамтамасыз етілмеуі оқу процесінің бұзылуына әкелуі мүмкіндігі; өңірде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының әлсіз іске асырылуы туралы.
Департамент қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін жалғастырады. Меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдары мониторингтік іс-шаралармен қамтылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1036783?lang=kk

Жауап қалдыру