ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА 6 ТҰРҒЫНДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА 6 ТҰРҒЫНДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ұлттық ат спортын дамыту және әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты мәселелер көтерілді.

Көтерілген мәселелер бойынша тиісті заң талаптарына сай түсіндірмелер беріліп, бірқатар өтініштер қосымша зерделеуді талап ететіндіктен нақты шешім қабылданғанға дейін бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1037148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді