
Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі уақытта Қазақстанда 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылуда. Көпбейінді ауруханаларды жаңарту бойынша 18 өңірлік мастер-жоспар және облыстық перинаталдық орталықтарды жаңарту бойынша 17 мастер-жоспар бекітілді. Бұдан басқа, құзыреттілік орталықтарын, телемедицина, симуляциялық орталықтарды, озық менеджмент және медициналық технологияларды дамыту орталықтарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1036805?lang=kk

Жауап қалдыру