Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру бойынша жиналыс ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 18 шілдеде  Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру бойынша жиналыс ұйымдастырылды.  

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының басшысы Узбеханов Нұржан Болатбекұлы қатысты.

Сонымен қатар, жиын барысында Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексін, еңбек тәртібін сақтауы мен лудоманияға қарсы іс-шаралар туралы түсіндірме жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/press/news/details/1037103?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді