Таразда сот сараптамасы институтының жаңа ғимараты ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Тараз қаласында Сот сараптамалар институтының жаңадан жөнделіп, қайта жабдықталған ғимараты ресми түрде пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткен нысан сала қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдайды ұсынады. Бұған дейін сарапшылар екі бөлек мекемеде жұмыс істеп келген болатын. Енді олар бір орталықта шоғырланып, заманауи технологиялармен жарақталған 30-дан астам жұмыс бөлмесінде қызмет атқарады.

Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот-сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Тленчиев Алан Тулебаевич және Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1037114?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді