Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕР ӘРІ ҚАРЖЫГЕР ТИМУР ТУРЛОВПЕН КЕЗДЕСТІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Freedom Holding Corp.» компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Тимур Турловпен кездесті. Кездесуде Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.
📌– Тарихи Түркістанға қош келдіңіз. Біздің өңірге қатысты жобаларыңызды қарастырып, идеяларыңызды тыңдауға дайынбыз. Облыста өндіріс орындарын ашуға, жаңа технологияларды енгізуге қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Тимур Турлов «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру, интернет сапасын жақсарту, ІТ саласындағы технологияларды енгізу және өзге де бастамалар туралы айтты.
✔️Қос тарап ұсыныстарды талқылап, жобаларды нақтылау жөнінде уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1037180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді