
Жастар саясаты және еріктілік (2025 жылғы 1 шілдеге) * Елімізде 5,7 млн жас бар. * Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін “Наурыз” және “Отау” жеңілдікті тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда, оларға 219,8 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында 5,4 мың жас азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді * “Отбасы банк” АҚ жұмыс істейтін жастар үшін жеңілдікті мөлшерлемесі бар “Наурыз жұмыскер” жаңа өнімін әзірледі. * Еліміздің 18 өңірінде жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейді. * Жастарды жұмысқа орналастыру үшін: * Астанада “Jol Tap” бағдарламасы жүзеге асырылуда. * Алматыда, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – “Jumys Tap”. * 2025 жылы 2025-2027 жылдарға арналған жалпы бюджеті 720 млн теңгені құрайтын алты бағыт бойынша (оның ішінде тәуелділіктің алдын алу және құқықтық/қаржылық сауаттылықты арттыру) гранттық жобалар басталды. * Өңірлерде стартаптарды қолдайтын және даму институттары (“Даму” КДҚ, “ауыл аманаты” жобасы және т.б.) арқылы шағын несиелер беретін жастар бастамалары орталықтары жұмыс істейді. * Еріктілердің Ұлттық фронт-офисі және 20 өңірлік офис жұмыс істейді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында басым бағыттар бойынша 2 мыңнан астам волонтерлік іс-шаралар** өткізілді. — Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік * 2025-2030 жылдарға арналған Заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы қабылданды. * Жергілікті қоғамдастықтардың (ақсақалдар, Құрметті ауыл тұрғындары, ШҚ басшылары) құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы нығайтылуда. * 370 елді мекенде алкогольден толық бас тартылды, бұл осы ауылдардағы қылмысты болдырмауға мүмкіндік берді. * Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді: байланыс операторларымен бірлесіп, ауыстырылатын нөмірлерден халықаралық қоңыраулар үшін техникалық кедергілер енгізілді. 2022 жылдан бастап 67 млн-нан астам қоңырау бұғатталды, 74 SIM-бокс және 89 мың sim-карта анықталды. Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. * Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленуде. * Мамандандырылған бөлімшелер енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/1036802?lang=kk

Жауап қалдыру