
2025 жылғы 16–19 шілде аралығында Қостанай облысы, Тобыл қаласында Қазақстан Республикасы бойынша ерлер арасындағы өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы XXXI жазғы чемпионат, әйелдер арасындағы VII жазғы чемпионат және жасөспірімдер арасындағы XIV жазғы чемпионат өтуде.
Еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан ең мықты құтқарушы – спортшылар күш, шапшаңдық, төзімділік пен жауынгерлік дайындықтарын көрсетті.
Нәтижесінде атыраулық спортшы Ерсаинов Даурен Ерлер арасында шабуыл сатысы бойынша 3 орын жүлдегері атанды.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Спорттағы бұл жетістігіңіз – кәсіби шеберлігіңіз бен табандылығыңыздың жарқын дәлелі.
Сізге мықты денсаулық, жаңа биіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1037145?lang=kk

Жауап қалдыру