«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жер-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына және сейсмикалық қауіпсіздік апталығына дайындық аясында Алматин облысындағы “Gate City” тұрғын үй кешенінде сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шараға тұрғын үй кешенінің тұрғындары, Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, еріктілер және азаматтық қорғау қызметтері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында халықты эвакуациялау, құтқару жұмыстарын жүргізу және шұғыл көмек көрсету бойынша іс-қимылдар пысықталды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — жер сілкінісі кезінде халықтың іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру және төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын нығайту.

Алматы облысының ТДЖ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1037172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді